RU

"Дос-Мұқасан" әншісінің әуежайдағы оқиғасы: Қылмыстық іс қозғалды

Көліктегі полиция депатаменті елорда әуежайында "Дос-Мұқасан" әншісі мен әуекомпания қызметкерінің арасында орын алған дау-дамайға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Бұл туралы құзырлы органның баспасөз қызметі мәлімдеген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/dos_mukasan_official, eanews.ru
Фото: instagram.com/dos_mukasan_official, eanews.ru: Facebook

Департаменттің мәліметінше, оқиға 14 сәуір күні елорда әуежайында линиядағы полиция бөлімшесінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру реестірінде тіркелген.

Қылмыстық іс "бұзақылық" бойынша қозғалған. Тергеу жалғасуда.

Оқиғаға қатысты басқа мәлімет беруден департамент бас тартты.

Құзырлы орган Қылмыстық-процессуалды кодекстің 201 бабына сәйкес басқа ақпаратты жария ете алмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1789515-dos-mkasan-nsisini-uezajdagy-okigasy-kylmystyk-is-kozgaldy.html