RU
Сүйгеніне қосылуға анасы қарсы болған қыздың тілі байланып, есінен айырылған
Жаңалықтар Қоғам

Сүйгеніне қосылуға анасы қарсы болған қыздың тілі байланып, есінен айырылған

Рассказать Вконтакте

Еліміздің батыс өңірінде осыдан бірнеше жыл бұрын болған оқиға ел жадынан әлі ұмытыла қойған жоқ. Жалғыз қызын кедей жігітке тұрмысқа бермей, екі жастың махаббатына ара түскен ана өз қызының бағын байлағанына әлі күнге дейін өкінеді. Бұл оқиғаны KAZ.NUR.KZ тілшісіне отбасының жақын танысы баяндап берді.

Сүйіктісіне қосылуға анасы қарсы болған қыздың тілі байланып, есінен айырылған

Көрнекі фото: fdlx.com

«Сәуле апайымыз (есімі өзгертілді - ред) жалғыз қызын ешкімнен кем қылмай өсірді. Әкесі жоқ болса да, Айкөркем (есімі өзгертілді - ред) әдепті, тәрбиелі қыздар қатарынан еді.

Анасы оның білім алуына, әдемі киінуіне бар жағдайды жасады. Кішкентайынан бойжеткенге дейін баршылықта өсіп, «не ішем, не жеймін» демейтін оған біз, Айкөркемнің құрбылары, қызығатын едік. Оның сұлулығы да өз алдына бөлек әңгіме.

Алайда, осынша әдемілік пен аста-төк өмір шын бақыттың қасында ештеңе емес екен. Сүйген жігітіне қосыла алмаған ол бүгінде ақыл-есі ауытқып кеткен жандардың қатарында», - дейді оқиғаны баяндаушы.

Айкөркем өзінің ауылдасы -Арман атты жігітке ес-түссіз ғашық болыпты. Арманның да оған деген көңілі ерекше екен.

Бірақ олардың шынайы әрі кіршіксіз махаббаты баянсыз аяқталған. Бойжеткеннің анасы қызын кедей жігітке беруден бас тартып, екеуінің қосылуына кедергі жасапты.

«Айкөркем мен Арман махаббаттары үшін қанша күрессе де, қыздың анасы өз дегенін істеді. Жігіт жақ қанша рет құда түсіп келсе де, әулеттің жасы келген үлкендерін алдынан өтуге жіберсе де, Сәуле апай еш жібімей, айтқанынан қайтпады.

Меніңше, ол жігіттің кедейлігіне емес, жалғыз қызының өзінен алыстайтынына қынжылған сияқты. Әйтпесе, шынайы сезімнің қасында байлық пен кедейлік дегенің не, тәйірі?!

Ақыры, сүйгеніне қосыла алмаған Айкөркемнің құсалықтан тілі байланып қалды.

Ал отбасы бүкіл ауыл алдында масқараға ұшыраған Арман арада бірнеше жыл өткен соң, басқа қызға үйленді. Осы кезде Айкөркемнің жағдайы мүлде қиындап, түнде дала кезіп кететінді шығарды.

Бүгінде оның сұлулығы да, ақылы мен келбеті де түкке жарамай қалған. Кезінде талай жігітке арман болған оның анасының кесірінен осындай жағдайға душар болғаны жүректі ауыртады.

Мұның бәрін тағдырға жауып қоямыз. Бірақ анасы қызын осы халге түсіргені үшін жанын қоярға жер табар емес. Бұл ісі өзінің өмірлік өкінішіне айналды», - дейді ол.
Сіздің реакцияңыз
2
3
1
32
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel