Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл масқара ғой": Тоқаев көлік ұрлығына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі ұрлық істеріне алаңдаулы екенін баса айтты. Оның сөзінше, мұндай қылмыстардың ашылуы төмен деңгейде деп хабарлайды "Бірінші Еуразия" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Бұл масқара ғой": Тоқаев көлік ұрлығына қатысты пікір білдірді
Фото: 24.kz: UGC

Көлік және ұялы телефон ұрлықтарына мемлекет басшысы ерекше тоқталды.

"Бұл масқара. Мұндай қылмыстар қоғам ашуын тудырады", - деді Тоқаев.

Президент Денис Теннің көлігінен айна ұрлануының салдары қандай қайғылы жағдайға әкелгенін және Дмитрий Баландиннің көлігінен де айна ұрланғанын еске салды.

"Бұл қылмыс түрі не себепті әлі жасалып жатқанын, кей жерлерде тіпті үдеп тұрғаны жөнінде ойлану керек", - деп мәлімдеді президент.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев мал ұрлығының артқанына да наразылық білдірді. Мұндай қылмыстар ауыл шаруашылығына қомақты шығындар әкелетінін баса айтты.

"Үкіметке мұндай қылмыстар үшін жазалауды күшейту туралы заң жобасын әзірлеуді тапсырамын", - деді президент.

Мемлекет басшысы кей елдерде барымташылар бөлек бір бап бойынша жазаға тартылатынын айтып өтті.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев ІІМ-нің кеңейтілген отырысына қатысқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1789541-bl-maskara-goj-tokaev-klik-rlygyna-katysty-pikir-bildirdi/

pixel