RU
Президент: Шет аудандардың бәрінде есірткі жарнамасы толып тұр
Жаңалықтар Саясат және экономика

Президент: Шет аудандардың бәрінде есірткі жарнамасы толып тұр

Рассказать Вконтакте

Қасым-Жомарт Тоқаев ІІМ-нің кеңейтілген алқа отырысы кезінде Қазақстанда есірткі саудасы артқанына тоқталып өтті деп хабарлайды Еуразия Бірінші арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шет аудандардың бәрінде есірткі жарнамасы толып тұр: Тоқаев есірткі саудасына қатысты сын айтты

Фото:Akorda.ka

Мемлекет басшысы есірткі алу жеңілдегенін мәлімдеді. Оның сөзінше, үй қабырғалары мен қоршауларда QR-кодтар мен интернет-дүкендерге сілтемелер қаптап жазылып тұрады.

"Есірткі алу жеңілдеді. Жасөспірім мұны интернет арқылы істей алады. Әрбір шет ауданда жасырын есірткі жарнамасын, арнайы сайттарға сілемелер табуға болады", - деп баса айтып өтті Тоқаев.

Сондай-ақ, ол есірткі таратуда органда істейтін тұлғалар да қатысы болуы мүмкін екенін айтып өтті.

"Бұл жүйелі қылмыстық кәсіп. Сондықтан құқық қорғау жүйесі де бұған қатысы бар ма деген ойлар туындайды", - деді президент.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев ІІМ-нің кеңейтілген алқа отырысына қатысты.

Онда мемлекет басшысы ұрлықтың үдеп тұрғанына сын айтты.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel