Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кедергі емес": Луина сүйіктісінен жеті жас үлкен екенін мойындады

Опубликовано:

Өткен жылдың соңында Луина көпшілікке Артём есімді сүйіктісін таныстырған болатын. Ал күні кеше әнші тағы бір шындықтың бетін ашты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі өзінің Instagram парақшасында сүйгенінің өзінен жеті жасқа кіші екенін мәлім еткен.

"Біздің жас айырмашылығымыз жеті жас. Алайда бұл бізге кедергі емес", - деп жазды әнші.

Ал желі қолданушылары жарасымды жұптың жас айырмашылығы мүлде байқалмайтынын жеткізді.

"Сіз өте жас көрінесіз", "Мүлде білінбейді ғой", "Жігітіңізден жасыңыз кіші секілді", "Оның сізді бақытты еткені көрініп тұр", "Соңғы уақытта бақыттан бал-бұл жанып жүрсіз".

"Махаббат жасқа қарамайды", "Өзгелердің не айтатыны маңызды емес. Бастысы өзіңіз бақытты болсаңыз жеткілікті", "Өзіңізді үнемі қалыпта ұстайсыз. Мүсініңіз мінсіз", "Сіздерді қатар деп ойладым".

"Жас айырмашылығын неге айттыңыз? Сіз жазбасаңыз, байқамайтын да едік", "Бізге бәрібір ғой. Өзің бақытты болсаң, ешкімге ештеңе айтпау керек", "Той қашан болады?", "Жас айырмашылығы байқалады әрине. Сіз өз-өзіңізді күткеннің арқасында ғана жас көрінесіз" деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың соңында Луина Артём есімді жігітпен кездесіп жүргенін мәлім еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1789559-luina-sjiktisinen-7-zaska-lken-ekenin-mojyndady/

pixel