RU
Сиви мейрамханада ыдыс жуып жүрген Жанар Хамитованы жұмысқа алды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Сиви мейрамханада ыдыс жуып жүрген Жанар Хамитованы жұмысқа алды (видео)

Рассказать Вконтакте

"Арнау" тобының бұрынғы әншісі сахнадан көрінбей кетіп, арада 11 жыл өткенде басынан өткен тағдырын ашып айтқан болатын. Күнкөріс үшін тойханада ыдыс жуып жүрген Жанар Хамитованы Сиви Махмуди жұмысқа алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әріптесін өз тойханасына әнші ретінде жұмысқа орналастырғанын Сиви Махмуди көпшілікке Instagram парақшасы арқылы хабарлады.

"Бүгінгі күннен бастап біздің комплексте Жанар Хамитова сіздер үшін өнер көрсетеді", - дейді әнші видеода.

Ал желі қолданушылары әншінің бұл әрекетіне риза болғандарын жасырмады.

"Өте керемет іс", "Жарайсың, Сиви", "Жасаған жақсылығың алдыңнан қайтсын", "Көмек қолын созғаныңа өте қуаныштымын", "Жанарға продюсерлік етсеңіз де жақсы болады".

"Кеше Жанарды көріп жүрегіміз ауырып еді. Бүгін мына жаңалыққа қуанып отырмыз", "Бала-шағаңыздың қызығын көріңіз", "Жанар дәл қазіргі сәтте қолдауға мұқтаж", "Кеше осы әншінің тағдырын естіп, бір жылап алдым".

"Қайтадан бағы жансын", "Басындағы қиыншылығы оны әбден шаршатқаны көрініп тұр", "Кеше бағдарламада өзін біртүрлі ұстады. Қылықтары оғаш екен", "Осылай қайта жағдайын дұрыстап, балаларын қайтарып алса екен" деп жарыса жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, "Арнау" тобында өнер көрсеткен Жанар Хамитова сахнадан кетіп қалған болатын.

Әнші өзінің басынан өткен тағдырын отандық бағдарламада бүге-шүгесіне дейін баяндап беріп, жұртты жылатты.

Сіздің реакцияңыз
1
2
3
1
7
54
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel