RU
Ішімдікке сылқия тойған танымал актерді ұшақтан түсіріп тастады (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ішімдікке сылқия тойған танымал актерді ұшақтан түсіріп тастады (видео)

Рассказать Вконтакте

Танымал ресейлік актер Александр Панкратов-Черныйды шу шығарғаны үшін әуе рейсінен түсіріп тастады. Анықталғандай, ішімдікке сылқия тойып алған жұлдыз дөрекі түрде әуекомпания қызметкерлеріне өзіне арақ әкеп беруін талап еткен деп жазады РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр

Фото: видеодан кадр

Панкратов-Черный Барнаул-Мәскеу бағытында ұшпақ болған әуе кемесінен қуылды.

"Сәрсенбі күні, таңғы уақытта "Аэрофлот" әуекомпаниясының мәскеулік рейсі борттағы жолаушымен орын алған келіспеушілік салдарынан кешіктірілді. Ашуға булыққан адам танымал актер болып шықты" , - деп мәлімдеді әуежай әкімшілігі.

Ресейлік актермен болған оқиға сәті әлеуметтік желілерге тарап кеткен.

Instagram парақшаларында жарияланған бейнежазбада Панкратов-Черный стюардтан 100 грамм арақ ала алмай, рейстің кешіктірілгені үшін басқа жолаушылардан кешірім сұрап жатқаны көрініс тапты.

"Балақай мен өзімді адекватты түрде ұстамағанымды айтып, мені алқаш деп атап, ұшақты кешіктіруді өтініп жатыр. Сіздерден кешірім сұраймын. Ол басқа жолаушылардан менің адекватсыз күйде болғаным жөнінде қол жинап жүр. Кешірерсіздер, бірақ менің есім дұрыс. Өз отаным Алтайымнан Мәскеуге кетіп барам" , - деді актер.

Бұдан кейін, Панкратов-Черныйды ұшақтан түсіріп тастады.

Бұл оқиғаға әртістің әйелі пікір білдірді. Ол жағдайдың орын алғанын растап, жолдасын рейстен негізсіз түсіріп тастағанын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
6
1
1
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel