RU
Чемпиондар лигасының жартылай финалында ойнайтын командалар белгілі болды
Жаңалықтар Спорт

Чемпиондар лигасының жартылай финалында ойнайтын командалар белгілі болды

Рассказать Вконтакте

17 сәуірде күллі футбол сүйер жұртшылық көз тігіп отырған Чемпиондар лигасының жартылай финалында ойнайтын еуропалық клубтар белгілі болды деп хабарлайды Eurosport.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

фото: Eurosport.ru

фото: Eurosport.ru

Көптеген БАҚ чемпиондар лигасының жартылай финалында туриндік "Ювентус" пен "Манчестер Сити" клубтары кездеседі деп санаған.

Нәтижесінде "Тоттенхэм" мен "Аякс" финал үшін тартысқа түсетін болды.

Екінші жолдаманы "Барселона" мен "Ливерпуль" клубтары өзара сарапқа салмақ.
  • Бірінші ойын 30 сәуір мен 1 мамырда, қарымта кездесу 7-8 мамырда өтеді.
  • Финал 1 маусымға жоспарланған. Еуропалық үздік клубты анықтайтын ақтық мәре Мадрид қаласындағы "Ванда Метрополитано" стадионында болады.

Еске сала кетсек, "Аякс" пен туриндік "Ювентус" арасындағы ойын голландиялық клубтың жеңісімен аяқталды.

Чемпиондар лигасының 1/4 финалы аясындағы қарымта кездесу аяқталған соң, амстредамдық құраманың спорттық директоры Марк Овермарс қатты қуанғаннан жейдесімен алаңда сырғанады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel