RU
Қостанай облысында ер азамат бірден алты суық қарумен ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Қостанай облысында ер азамат бірден алты суық қарумен ұсталды

Рассказать Вконтакте

Қостанай облысында орналасқан "Қайрақ авто" шекаралық бақылау бөлімінде 1993 жылғы ер азамат суық қарумен ұсталды. Тексеру кезінде оның көлігінен алты автомат тәркіленді деп хабарлайды ҚР ҰҚК шекара қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі

Фото: ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі

Ер азамат Ресейден Қазақстанға Skoda Rapid-пен өтпекші болған.

Шекара қызметінің мамандары жеңіл көліктің жүк салғышынан 7,62 мм калибрлы алты Калашников маркалы автоматтарын мен оның оқсалғышын тәркілеген.

Ер азамат қаруды Мәскеу қаласынан фильмнің түсілімі мен коллекция үшін сатып алғанын айтқан.

Шекарашылар автоматтарды Қарабалық ауданының полиция бөліміне жіберді.

Бұдан бөлек, Солтүстік Қазақстанда орналасқан "Бидаик авто" қызметкерлері 1975 жылғы ресейлік азаматты шекарада ұстады. Ол көлік салонында аң атуға арналған оқ дәрілерді сақтаған.

Шекара мамандары қаруды Уалихан ауданында орналасқан полиция бөліміне өткізді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel