RU
"Өртене жаздадым": Алматының қызына үйленген ақтаулық жігіт өкініп қалды
Жаңалықтар Қоғам

"Өртене жаздадым": Алматының қызына үйленген ақтаулық жігіт өкініп қалды

Рассказать Вконтакте

Бес-алты жыл бұрын алматылық арумен танысып, махаббаттың буымен отау құрған Ақтау тұрғыны бүгінде өз ісіне өкініп жүр. 31 жастағы азамат жұбайының артынан еріп, оңтүстік астанаға ат басын бұрғаны үшін өзіне ренжулі. Себебі, Алматыға келген соң жұбайлардың бал өмірі бір айға ғана жалғасыпты. Ал уақыт өте келіншегі күні-түні қыдыруды шығара бастаған деп жазады "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: asjust.ru

Көрнекі фото: asjust.ru

Азаматтың айтуынша, келіншегі жұмыстан босай қалған уақытта және сенбі, жексенбі күндері "туған күн, ұжымның отырысы" деген сылтаумен қыдырып кетеді екен.

"Ондай отырыстарға бірге барайық десем, "ол жерде тек қыздар болады" деп мені ертпей, "көп кешікпей келемге" салатын болды. Бір емес, екі емес, мен де еркек емеспін бе, айтқанымды істеткім келеді.

Сосын ондай отырыстарға жібермеуге тырыстым. Ондай кезде үйде ұрыс басталады, тіпті ол мені "ауылский, мамбет"деп сөгетінді шығарды. Тіпті, қыдыруға шығатын кезде мен есікті іштен кілттеп тастап, үйден шығармайтын жағдайға жеттім.

Одан кейін ол үйге келмей, жұмыстан соң бірден қыдыруға кететін болды. Есіне түссем, телефонмен хабарласып, үйге кеш баратынын айта салады, тіпті қоңырау шалмайтын да болды.

Осындай кезде өзімді қатты жалғыз сезіндім. Туған жерімде басқа қыз құрып қалғандай, алматылық қызға үйленгеніме іштей өкініп жүрдім. Бір шүйкебастың айтқанын істеп, Алматыға келгеніме де нали бастадым",- дейді азамат.

Көрнекі фото: otvet.mail.ru

Көрнекі фото: otvet.mail.ru

Біршама уақыттан кейін жас жанұя сәбилі болады. Алайда азаматтың "әйелім нәресте дүниеге келген соң баламен үйде отырып, қыдыруды қоятын шығар" деген үміті ақталмайды.

Керісінше, күн өткен сайын ұрыстың қарқыны көбейіп, келіншегі күйеуін үйден қууды шығарады.

"Әйелім бір жыл үйде болды да, бала күтуші жалдап, ақша табу үшін қайта жұмысқа шығып кетті. Содан той-томалақ қууды тағы бастады. Қай жерге шақырса да, қалмайды.

Тіпті: "Сенімен бірге омалып үйде отыра алмаймын, отырсаң, өзің отыр! Егер қаламасаң, үйден кет!" дейтінді шығарды.

Бірде үйде қатты ұрыс болғанда, ашуым басылсын деп далаға шығып кетіп қайта келсем, киімдерімнің бәрін жинап, "кет үйіңе, мен сендей адаммен тұрғым келмейді" деді. Намыстан өртеніп кете жаздадым",- дейді ол.

Осылайша, басқа сылтаумен үйіне оралған жігіт уақыт өте кішкентай қызын сағына бастайды.

Жанында жүрген достары да бала үшін отбасын сақтап қалу қажеттігін айтып жүреді. Ал бес айдан соң келіншегі хабарласып, үйге қайтуын сұрайды. Ол енді күйеуінің айтқанын екі етпейтінін айтып, Алматыға шақырып алады.

"Тағы да бір-екі ай жақсы өмір кештік, одан кейін баяғы әніне қайта басты. Керек кезінде жылап шақырып алады, керек емес кезінде үйден қуады.

Қазір әйеліммен ұрысқан кезде ауылға баруға ұялып, Алматыдан пәтер жалдап алатын болдым. Шынымды айтсам, жанұясын ойламайтын әйелдің қылығынан қатты шаршадым.

Кейде бәрін тастап, қаңғыбас әйелден ажырасқым келеді. Бірақ, үш жасар періште қызымды қимаймын", -дейді ақтаулық азамат.
Сіздің реакцияңыз
17
3
5
27
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel