RU

Қытай тұрғыны 30 жыл бойы арқасындағы 15 келілік ісікпен өмір сүрген

Қытайда дәрігерлер жергілікті тұрғынның арқасындағы 15 келілік ісікті алып тастады деп хабарлайды iz.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Dayli Mail
Фото: Dayli Mail: UGC

68 жастағы ер адам 30 жылдан аса ісікпен өмір сүрген. Оның ұзындығы 85 см ал ені 65 см-ді құраған.

Жылдар бойы дәрігерлер арқадағы ісікті алуға келіспепті. Себебі ол негізгі артерия, өкпе мен омыртқа жотасын зақымдап үлгерген.

Алайда өткен жылдың қараша айында Танның ұйқы артериясы бұзылып, ауруханаға түскен екен.

Ол бірнеше ай ота жасауға шешім қабылдаған дәрігердің қарауында болды.

Ер адамға 1 сәуір күні 33 сағат бойы ота жасалған.

Тан көп қан жоғалтып, өлім аузында жатты. Алайда жансақтау бөлімінде өткізген төрт тәуліктен кейін оның жағдайы жақсарып, алтыншы күні өз күшімен жүре бастаған.

Қазіргі таңда емделуші өзін едәуір жақсы сезінуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1789634-kytaj-trgyny.html