RU
Алматы облысында полицейлер Ұлттық бюро қызметкерлеріне оқ атып, қашып кеткен
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында полицейлер Ұлттық бюро қызметкерлеріне оқ атып, қашып кеткен

Рассказать Вконтакте

Ұлттық бюро Алматы облысында полицейлерді тұтқындау кезінде олардың қарсылық көрсеткенін хабарлады. Тәртіп сақшыларының бірі тіпті, жемқорлыққа қарсы күрес қызметкеріне оқ атқаны анықталды. Нәтижесінде, үш полицей қашып кеткен. Оларға іздеу жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: Алматы ПД

Көрнекі сурет: Алматы ПД

Анықталғандай, Ұлттық бюроның Алматы облысы бойынша жемқорлыққа қарсы күрес департаменті мен облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы Панфилов аудандық полициясының әкімшілік полиция бөлімшесінің басшысы, полиция майоры, жергілікті полиция қызметінің басшысы және тағы екі патрульдік полиция қызметкерлері пара алғанын анықтады.

"Олар жергілікті тұрғыннан 700 мың теңге пара алды деп күдіктелуде. Қомақты қаржыны олар өздері тәркілеген 2491 ондатр терісін қайтару үшін алмақ болған. Тергеу жалғасып жатыр.
Тұтқындау кезінде патрульдік полиция қызметкерінің бірі жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің жедел-тергеу тобының бағытына үш мәрте оқ атқан. Нәтижесінде, үш полицей оқиға орнынан қашып кетті" , - деді мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Арман Бердалин.

Панфилов аудандық полиция бөлімімен оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 380 бабы үшінші бөлігі бесінші тармағы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу тіркелді.

Қазіргі уақытта қашып кеткендерді іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
0
12
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel