Выйти
RU

Семей мен Өскемен мектептерінде сабақ тоқтатылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Семей және Өскемен қалаларында бірінші ауысымдағы 1-шіден бастап 9-сыныпқа дейінгі оқушылар сабақтан босатылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі фото: buinsk-tat.ru

Көрнекі фото: buinsk-tat.ru

Өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты мектептегі сабақтар тоқтатылды.

"Білім басқармасының қаулысымен ауа-райы қолайсыздығына байланысты Семей және Өскемен қалаларында бірінші ауысымда оқитын 1-9 сыныптардың оқушылары сабақтан босатылды", - деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар қызметі.

Қазгидромет ақпаратына сәйкес, бүгін кешке Семейде сынап бағанасы 5, ал түнде 7 градусқа азайса, Өскеменде 3 градусқа дейін төмендеп, қар жауып, күн суытады.

Ал күндізгі ауа райы температурасы Семейде +3, Өскеменде +4 градусты көрсетіп тұр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Семей мен Өскемен мектептерінде сабақ тоқтатылды