RU
Көлігінде қалып кеткен 30 мың еуроны иелеріне қайтарған жүргізуші елді сүйсінтті
Жаңалықтар Калейдоскоп

Көлігінде қалып кеткен 30 мың еуроны иелеріне қайтарған жүргізуші елді сүйсінтті

Рассказать Вконтакте

Стамбулда Тунистен келген екі турист 30 мың еуро салынған сөмкені көліктің ішінде ұмытып кеткен. Сол күні көлік жүргізушісі ұмытшақ туристерге ақшасын қайтарып берген деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: avtosreda.ru

Фото: avtosreda.ru

"Стамбул әуежайынан Кумкапы ауданындағы қонақүйге дейін көлік ұстаған екі турист 30 мың еуро салынған сөмкені жүргізуші көлігінде ұмытып кеткен. Жүргізуші оны көлікке келесі жолаушы мінген кезде байқаған екен. Сөмкені иелеріне сол күні қайтарып берді", - деп хабарлайды телеарна.

Тунистік туристер жүргізушінің адалдығы үшін алғыс айтып, сыйақы ретінде 100 еуро табыстаған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
1
2
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel