Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіге тіркелген Мәдина Сәдуақасованың күйеуі оның әр қадамын бақылап отыратын болған

Опубликовано:

Мәдина Сәдуақасова осыдан біраз уақыт бұрын күйеуінің әлеуметтік желіде отырмайтынын айтқан болатын. Алайда әнші күйеуінің жақында Instagram-ға тіркеліп, өзін бақылап отыратынын жеткізді деп жазады "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Instagram деген мүлдем жоқ болатын. Қазір жазылыпты. Тек қана менің суреттерімді емес, пікірлердің барлығын оқып шығады екен", - дейді әнші.

Сондай-ақ өнер иесі желіге суретін жарияларда жұбайымен міндетті түрде ақылдасатынын да жасырмады.

"Иә, жасырмаймын! Қазір ақылдасатын болдым. Бірақ кейде түсінбеймін. "Мынаны да салма, ананы да салма, мына жерің кішкене ашықтау, мынау болмайды, қасыңда ер адамдар көп болып кетті" деп, ол кісі көп мін іздеп кетті. Кейді "тууф" деп кеткім келеді", - дейді Мәдина Сәдуақасова.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әнші өзінің желідегі ашық-шашық суреттерін күйеуінің айтуымен өшіріп тастағанын айтып берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1789665-mdina-sduakasova-zelige-tirkelgen-kjeuini-r-kadamyn-bakylap-otyratynyn-zajyp-saldy/

pixel