Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұшақтағы даулы оқиғалармен есте қалған қазақстандық жұлдыздар кімдер?

Опубликовано:

Отандық жұлдыздардың басы жиі дауға қалып жататыны жасырын емес. Олардың бірі қонақ үйде шу шығарса, екіншілері қызметкерлермен келіспей жатады. Осы орайда KAZ.NUR.KZ ұшақтағы даулы оқиғалармен есте қалған жұлдыздарды назарыңызға ұсынады.

Төреғали Төреәлі, Ерлан Көкеев, Мұрат Құсайынов. Фото: Жұлдыздардың жеке парақшасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Төреғали Төреәлі, Ерлан Көкеев, Мұрат Құсайынов. Фото: Жұлдыздардың жеке парақшасы. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Күні кеше "Дос-Мұқасан" тобының әншісі Мұрат Құсайынов пен елдегі танымал "Эйр Астсана" әуе компаниясы қызметкерінің арасында дау туындаған болатын.

Мұрат Құсайыновтан бөлек ұшақтағы оқиғалармен есте қалған өнер иелерінің қатарында Төреғали Төреәлі мен Ерлан Көкеев те бар.

2018 жылдың қыркүйегінде Төреғали Төреәлі әйелі мен балаларын шығарып салу үшін Алматы-Гонконг бағытында ұшқалы отырған әуе кемесіне кіріп, "Эйр Астана" рейсінің өз уақытынан 20 минуттай кешігіп ұшуына себепші болған.

Алматы әуежайының қызметкерлері Төреғалидің қолында ерекше күтімді қажет ететін бала болғандықтан, VIP залға өткізіп жіберуді сұрағанын айтып ақталды. Кейін қызметкерлер бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ал кінәлілер 20 АЕК көлемінде айыппұл төледі.

Ерлан Көкеев те 2018 жылдың қаңтарында музыкалық аспаптарын бүлдірген әуе компаниясын сотқа бермек болған еді.

"Бүгін таңертең "Bek Air" әуе компаниясының ұшағымен Алматыға келдік. Музыкалық аспаптарымызды мынадай күйге түсіріпті. 25 жыл бойы гастрольдік сапармен жүрсем де, мұндай жағдайға алғаш рет тап болып отырмын.
Бұл жай ғана аспаптар емес, қымбат бағалы музыкалық аспаптар", - деп жазған болатын музыкант Facebook парақшасында.

Күні кеше "Дос-Мұқасан" тобының солисі Мұрат Құсайынов жайлы ақпарат та желіге әп-сәтте тарап кетті.

"Эйр Астана" компаниясының мәліметінше, Алматыға бағыт алған рейске жолаушыларды енді отырғыза бергенде, "Дос-Мұқсан" ансамблінің белді әншісі шу шығарған.

Әук компаниясының мәліметінше, танымал жолаушы аяқ киімін шешуден бас тартыпты. Тексерістен толық өтуді сұраған қызметкерді балағаттап, бойжеткенге жұдырық жұмсаған көрінеді.

"Құсайынов қатты сөйлеген, балағаттаған. Біздің қызмет көрсету менеджерін бетінен қатты соқты және оның денсаулығына зардап келтірген. "Эйр Астана" әуе компаниясы мұндай заңсыз әрекеттерге ешқашан жол бермейді", - деді "Эйр Астана" өкілі Тілек Әбдірақымов.

Алайда әнші өзіне тағылған бұл айыптармен келіспей, дауға қатысты өз пікірін білдірген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық жұлдыздардың әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1789673-saktagy-dauly-okigalarmen-este-kalgan-kazakstandyk-zldyzdar-kimder/

pixel