RU
БАҚ: Тағы бір өзбекстандық қылмыс әлемінің дөкейі атанды
Жаңалықтар Калейдоскоп

БАҚ: Тағы бір өзбекстандық қылмыс әлемінің дөкейі атанды

Рассказать Вконтакте

Түркияның Стамбул қаласында орналасқан ауданда Өзбекстан азаматы Ахтам Якубовқа (лақап аты Ахтам Самаркандский) қылмыс әлемінің "жоғары лауазымдары" бас қосқан жиында "дөкей" атағы берілді. Бұл атақты осыдан 22 жыл бұрын Бахти Ташкентский деген атпен танымал Бахтиер Кудратиллаев иемдеген еді деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Қылмыс әлемінің серкелері, фото: Ахтам Самаркандский¸ Равшан Золотой мен Лоту Гули, фото: ozodilik.org (RFE/RL)

Қылмыс әлемінің серкелері, фото: Ахтам Самаркандский¸ Равшан Золотой мен Лоту Гули, фото: ozodilik.org (RFE/RL)

Басылымының жазуынша, 12 сәуірдегі жиын Стамбулдың Фатих аймағында болған.

Мәліметтерге сәйкес, жабық жиынға қатысушылар бірауыздан Самарқанд өкілін "дөкей" деп таныпты.

Жабық жиынға 15 адам қатысып, қалғандары телефон арқылы байланысқа шыққан.

Жиынды 64 жастағы грузин дөкейі Темури Немсицверидзе (лақап атыЦрипа) шақырған.

Ал кездесуді 58 жастағы Давид Чхиквишвили (Дато Сургутский) жүргізіпті.

Басылымның дереккөзге сілтеме жасап хабарлауынша, жиынға Лаша Петерский, Рома Батумский, Джонни Кутаиский, Дато Сургутский, Алеко Шошия (Тимур Чурадзе) және басқа да дөкейлер қатысқан.

Басылым қылмыс әлемінде бұған дейінгі төрт жылда "дөкей" мәртебесін ешкім алмағанын да атап өтті.

Айта кетейік, "жоғары лауазымға" ие болған 42 жастағы Ахтам Самаркандский 1988 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінде бір әйел мен оның оққағарын өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған, кейінірек жаза 25 жылға өзгертілді.

Сіздің реакцияңыз
2
3
2
4
2
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel