Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі қолы мен бір аяғы жоқ шымкенттік жігіттің әні көпті жылатты (видео)

Опубликовано:

Шымкенттік Нышанбай Оңғарбай екі қол, бір аяқсыз дүниеге келген. 20 жастағы жігіт балалар үйінде тәрбиеленіп, бүгінде оңтүстік шаһардағы мөлтек аудандардың бірінде мүгедектігіне берілетін 56 мың теңге жәрдемақыға күн көріп жүр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: Instagram

Жиырма жасар жас жігіттің жан тебірентер әнін белгілі блогер Дәулет Мұқаев өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Онда ол мүмкіндігі шектеулі жігіттің аты-жөні – Нышанбай Оңғарбай екенін атап өткен.

"Екі қол, бір аяғы жоқ болып дүние есігін ашқан, 1-ші топтағы мүгедек. Шымкенттегі "Тасарық" балалар үйінде тәрбиеленіп өскен. Бүгінде сол Шымқаладағы Нұрсат мөлтек ауданында пәтер жалдап тұрады. Мемлекеттен 56 мың көлемінде жәрдемақы алады. Өкінішке қарай, бұл ақша пәтер ақысынан артылмайды", - деп жазған блогер.

Сонымен бірге тележүргізуші бозбаланың протезінің ескіргенін де алға тартқан.

"Соңғы үш жыл бойы бір протезбен жүр. Аяғын қысады, қажайды. Десе де шыдауға мәжбүр. Жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды, ағайын! Көмек қолын созам деушілер болса, төменде көрсетілген телефонға xабарласыңыздар: 8-702-56-11-444", - деп жазба қалдырған блогер.

Желі қолданушылары оңтүстік пен жалпы Қазақстан жұртшылығын жас жігітке қолдау көрсетіп, көмек қолын созуға шақырған.

Олар "Жетім балаға көмектесейік", "Нышанбай, бауырым, бәрі жақсы болады, мойыма" деген сынды пікірлерін жаудырды.

Еске сала кетейік, осыған дейін "Астарлы Ақиқат" бағдарламасының редкторы Сандуғаш Пердешқызының атындағы карточкаға қайырымды жандардан 503000 теңге көлемінде қаржы жиналған. Бұны редактор Нағашбайдың өзіне тарту етіп, енді жас жігіттің өз карточкасы барын жеткізді.

Нышанбай Оңғарбайұлына көмек көрсетемін деушілерге төменде карта нөмері көрсетілген:

Нышанбай Оңғарбайұлының есепшоты:

Каспий Голд: 5169 4931 5286 1814

ИИН: 980927300131

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1789700-lmesti-kni-eki-koly-men-bir-aagy-zok-symkenttik-zigitti-ni-kpti-zylatty-video/

pixel