RU

Тоқаевтың жаттығу залындағы суреті желі қолданушыларын тәнті етті

Әлеуметтік желіде жаттығу залында жаттығып тұрған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың суреті пайда болды. Желі қолданушысы Гүлнара Қатибаева президенттің фотосын өзінің Facebook парақшасында жариялаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook
Фото: facebook: UGC

Бойжеткен "Жаңа президентке жайлы қандай пікірдесің?" деп сұрағандардың бәріне жауап берген.

Ол өзіне Қасым-Жомарт Тоқаевтың қандай қасиеті ұнататынын да айтты.

"Маған жаңа президентіміздің келісті ер азамат екені ұнайды. Оның келбетінен үнемі өз-өзіне деген сенімділігі байқалады. Бұдан оның интелегентті, биязы адам екенін көруге болады", - деп жазды бойжеткен.

Сондай-ақ желі қолданушысы мемлекет басшысының спортқа деген махаббатын да жоғары бағалады.

"Сонымен қатар маған ол кісінің салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданатыны ұнайды", - деп жазды ол.

Пікір қалдырушылар жазба авторын қолдады.

"Жаңа президентімізге респект!", - деп пікір білдірді желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1789719-tokaevty-sportzaldagy-sureti-zeli-koldanusylaryn-tnti-etti.html