Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордалық арулар бойдақтардың басын айналдыратын жаңа тәсіл ойлап тапқан

Опубликовано:

Елордалық арулар жігіттерді өзіне қаратудың жаңа тәсілін ойлап тапты. Айлакер қыздар басы бос ерлердің жүрегін жаулау үшін, арнайы фотосессия ұйымдастырып, желіге тек сапалы суреттерін жүктейтін болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: viaggio club
Көрнекі фото: viaggio club: Facebook

Айлакер қыздардың әккі әрекетін бас шаһардың тәжірибелі фотографтарының бірі айтып берді. Маманның сөзінше, мұндай әдіске әсіресе кейінгі буын өкілдері жиі барады екен.

"Қазір жастар желіге тек сапалы сурет жүктесем дейді. Ол үшін арнайы фотосессия да әзірлеп жатады. Таяуда маған бір бойжеткен хабарласты. Жаңа жігітпен таныстым, сол үшін фотосессия ұйымдастырсақ деген ұсыныс айтты.
"Фотосессия ұйымдастырайық, ал жігіттің қатысы не?" деп сұрағанымда, "Әлеуметтік желі арқылы таныстық, ол менің тек әдемі суреттерімді көруі керек" деп түсіндірді. Клиенттің талабын орындау міндетіміз, еш қарсы келе алмадым. Жалпы фотосессияға қазіргі буын өкілдері жиі тапсырыс береді. Арасында отбасылық түсірілімдеріміз де бар", - дейді фотограф.

Маманның айтуынша, мұндай фотосессиялардың бағасы да әркелкі болады екен.

"Бағасы әрқилы. Бір сағаттық түсірілімнің бағасы 50 мың теңгеден басталады. Ол арнайы студиядағы түсірілімдердегі фотосессияларға қатысты болады. Ал сыртта түсетін фотосессиялардың бағасы сәл арзандау, 30 мың теңге маңайында болады", -деді маман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1789720-elordalyk-arular-bojdaktardy-basyn-ajnaldyratyn-zaa-tsil-ojlap-tapty/

pixel