RU
"Қыздың көз жасы жібермейді": Сүйіктісін тастап кеткен жігіт жан сырын ақтарды
Жаңалықтар Қоғам

"Қыздың көз жасы жібермейді": Сүйіктісін тастап кеткен жігіт жан сырын ақтарды

Рассказать Вконтакте

Семейлік жігіт осыдан он бес жыл бұрын басынан өткен махаббат хикаясымен бөлісті. Студент кезінде басқа ұызды ұантып, сүйген қызын тастап кеткен жігіт одан кейін көп қиындықтарға жолыққанын айтты деп жазад KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Life.ru

Көрнекі фото: Life.ru

Семейлік ер адам өзінің студент кезіндегі махаббат дастанын баяндап берді. Бүгінде жасы отыздан асқан жігіт алғашқы махаббатына сол күйі қосыла алмай кеткендігін жеткізді.

"Мен ол кезде қалада студент едім. Туған ауылымда өзімнен үш жас кіші қызды жақсы көрдім. Ол сабағында озат, мектептің бетке ұстар оқушылардың бірі болатын. Қыстық демалыстардың бірінде келгенде, оған сөз салып, екеуміз қыз-жігіт ретінде кездесе бастадық. Ол кезде қазіргідей ұялы телефон аз, әлеуметтік желі дегенді де білмедік. Қаладағы телефон пункттеріне барып, үй телефонына қоңырау шалатынмын.
Одан қалса, мереке күндері ауылға барып, сол кезде кездесіп тұратынбыз. Би кештерінен кейін үйіне шығарып салып, қыз-жігіт ретінде әп-әдемі жүріп жүрдік. Сөйтіп ағам сол жылы үйленетін болды. Соның тойына келген бір бойжеткенге көзім түсіп, Аялаға (авт. аты-жөні өзгертілді) ажырасамыз дедім. Оның тәрбиесі мен тектілігі сонша, ештеңе деместен, "Қалауың сол қызға болса, өзің шеш, бақытты болыңдар" деп телефон тұтқасын қоя салды. Бар әңгімеміз сол болды. Әке-шешем ол кезде ауылда тұрғандықтан, демалыс сайын сонда барып тұрдым. Оны да көрдім.
Ол ештеңе білдіргісі келмей, мені көре сала, тұра қашатын. Бірақ сыныптастарынан, құрбысынан қатты қиналғанын, жиі жылайтынын естідім. Сол жылы тайдан құлап, аяғымды мерт қылдым. Одан кейін колледжді бітіріп, жұмыс таппай қанша жүрдім. Тапқан жұмысымнан балалармен төбелесіп, шығып қалдым. Сол сәтте сол Аяланың көз жасы жібермеді де үнемі іштей ойлайтынмын. Арамызда ел ұялатындай түк болмаса да, қыздың тап-таза сезімін аяқ асты етуге болмайды екен. Қыздың көз жасы жібермейді деген рас екен", - дейді ер адам.

Бүгінде кейіпкер өзге қызға үйленіп, одан екі бала сүйіп отыр екен.

"Өзімнің қателік жасағанымды түсініп, одан қайта кешірім сұрамақ болдым. Бірақ дәтім бармады. Өкініштісі сол кезде оның басқа біреумен кездесіп жүргенін естідім. Өзімнің шын махаббатымды жоғалтқанымды сол кезде бірақ сезген шығармын. Қызғандым, жанымды қоярға жер таппадым, бірақ бәрі кеш екенін білдім.
Сөйтіп жолымыз екі айырылды. Қазір оның өз отбасы бар, менің де өз жанұям бар. Бәлкім балалық, пәк махаббат болғаннан кейін, осылай естен шықпайтын шығар. Сондықтан қазіргі жігіттерге айтарым, шынайы сүйгендеріңізді ренжітпеңіздер, оларды жылатпаңыздар. Шын махаббат өмірде те бір-ақ рет болады", - деп әңгімесін аяқтады жігіт.
Сіздің реакцияңыз
1
3
2
21
3
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel