RU
Сүйіктісінің ДНҚ сараптамасын білген бойжеткен оны тастап кеткен
Жаңалықтар Калейдоскоп

Сүйіктісінің ДНҚ сараптамасын білген бойжеткен оны тастап кеткен

Рассказать Вконтакте

Ер азамат пен оның сүйіктісі өздері жайлы көбірек ақпарат алу үшін ДНҚ сараптамасын жасатқан. Алайда сараптаманың нәтижесі қыздың көңілінен шықпай қалған екен. Сүйіктісінің ата-тегінде кісі өлтіруші болғанын білген бойжеткен жігітін тастап кетті деп хабарлайды 120.su сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: hi-news.ru

Фото: hi-news.ru

Жасырын болып қалуды ұйғарған әлеуметтік желі қолданушысы аталмыш оқиғамен бөлісті.

Ancestry.com сайтына кірген ер азамат есеңгіреп қалған, себебі ол өзінің ата-бабасының арасында кісі өлтіруші болғанын анықтапты.

Жігітті сүйгені оның бойында "зұлым" қанның барын айтып, тастап кеткен.

Желі қолданушылары жігітке аса қаймығудың қажеті жоқ екенін айтып, кеңес берді.

Олар бойжеткеннің жігіттен баяғыда суып кеткенін және айырылысуға мүмкіндік іздегенін алға тартты.

Сондай-ақ ата-бабаның ұрпақтың өміріне еш әсер етпеуі керектігін сөз етті.

Сіздің реакцияңыз
0
5
2
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel