RU

Қазақстан президенті СІМ Атамқұловқа бірқатар нақты тапсырма берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан президенті СІМ Атамқұловқа бірқатар тапсырма берді
Фото Аkorda.kz: UGC

Мемлекет басшысына министр қарағамындағы ведомствоның ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында атқарған жұмыстардың қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары жөнінде мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық саясатты жүзеге асырудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ сыртқы нарықтағы Қазақстан экспортын дамыту керегін айтты.

Бейбіт Атамқұлов инвестиция тарту жөніндегі мемлекеттік құрылымдардың, соның ішінде өңірлік деңгейдегі өзара іс-қимылдарды жақсарту үшін қабылданған жүйелі шаралар туралы баяндады.

Сонымен қатар мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы сапарлар мен сыртқы саяси шаралардың кестесі талқыланды.

Кездесу соңында Қазақстан президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1789761-kazakstan-prezidenti-sim-atamklovka-birkatar-nakty-tapsyrma-berdi.html