RU
"Өгей шеше емес": Түркістандағы қатыгез анаға қатысты тың деректер белгілі болды
Жаңалықтар Қоғам

"Өгей шеше емес": Түркістандағы қатыгез анаға қатысты тың деректер белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында қыздарды жәбірлеген келіншектің ісіне қатысты жаңа деректер белгілі болды деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Өгей шешелері емес": Түркістандағы қатыгез анаға қатысты тың деректер белгілі болды

Көрнекі фото: azh.kz

Құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп, нәтижесінде күдікті әйел жәбірленген қыздардың әкесімен заңды некеде тұрмағаны белгілі болды.

Ведомство ол ер адаммен бірге тұрғанмен, оның балаларының заңды өкілі болмағанын хабарлады.

Келіншек қыздардың өгей шешесі емес.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша тергеу изоляторында отыр.

Еске сала кетейік, Түркістан облысында өгей ана балаларға зәбір көрсетті деген күдікке ілінген. Артынша оның екінші сәбиіне аяғы ауыр екені белгілі болды. Күдіктелген келіншек, тіпті, қыздарға көрсеткен қорлығын жазу үшін "жазалау" дәптерін арнағаны да хабарланды.

Сонымен қатар, өгей анасынан қорлық көрген қыздарға қатысты сұмдық жайт белгілі болған еді.

Бұған қатысты үнсіз қалмай күдікті әйелдің әкесі де өз шындығынайтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
4
6
2
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel