RU
Жамбыл облысының мұғалімдері екі жылда 70 млн теңге жалақыларынан қағылған
Жаңалықтар Қоғам

Жамбыл облысының мұғалімдері екі жылда 70 млн теңге жалақыларынан қағылған

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысында мүгедек балаларды үйінде оқытатын 2 мыңнан астам мұғалім жалақысынан қағылып келген деп хабарлайды КТК арнасы.

Жамбыл облысының мұғалімдері екі жылда 70 млн теңге жалақыларынан қағылған

Көрнекі сурет: tobolinfo.kz

Өңірдегі білім саласына жауаптылар екі жыл ішінде жалпы соммасы 70 млн. теңгеге жуық қаржыны тиісті мақсатта үлестірмегені анықталды.  

Бұл бассыздықты аймақтағы білім беру мекемелеріне тексеріс жүргізген прокуратура әшкерлеген.

Құзырлы орынның мәліметінше, 2016-2018 жылдары аралығында екі мыңнан астам ұстаздың еңбек құқығы бұзылған. Яғни мұғалімдер мүмкіндігі шектелу шәкірттерді тегін оқытып келген.

Заң бойынша, жарымжан балалардың үйіне барып білім берген әрбір маманға жалақыдан бөлек қосымша ақша берілу тиіс. Алайда бұл ақша үлестірілмеген. Дегенмен прокуратураның араласуынан кейін мамандардың ақшалары қайтарылыпты.

"Мұғалімдерге көрсетілген еңбек жағдайы үшін жалақы көлемімен алғанда, 40 пайыз қосымша төлемдер берілу тиіс еді. Алайда бұл екі жылдан бері істелмеген. Ықпал ету шараларымен заң бұзушылықтар жойылып, білім беру жүйесінің 8 лауазымды тұлғасы түрлі тәртіптік жауапкершілкке тартылды", - деді Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі Қайсар Бекмұратов.

Дереккөз: КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
6
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel