RU
Димаш Құдайберген табынушыларына көптен күткен жаңа бейнебаянын тарту етті (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Димаш Құдайберген табынушыларына көптен күткен жаңа бейнебаянын тарту етті (видео)

Рассказать Вконтакте

Әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері көптен күткен «Қалжыраған аққулардың сезімі» (Любовь уставших лебедей) әніне түсірілген бейнебаяны табынушылар назарына ұсынылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Димаш жаңа клипін өзінің Instagram парақшасында жариялады.

«Қалжыраған аққулардың сезімі» әнінің сөзін ресейлік ақын - Михаил Гуцериев, музыкасын Игорь Крутой жазған еді.

Сондай-ақ бейнебаян «GUTSERIEV MEDIA» арнасына жүктелді.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген кезекті клипін түсіру үшін осы жылдың ақпанында Испанияға аттанған болатын.

Көп ұзамай әнші аталмыш елдегі бейнебаянның  түсірілімінен фотосуреттермен бөліскен еді.  

«Қадірлі достар! «Любовь уставших лебедей» әнінің бейнебаяны түсірілімінен алынған бірнеше фотосуретті сіздермен бөліскім келді. Клиптің режиссері - Алан Бадоев. Өздеріңіз түсінген шығарсыздар, видео фэнтези стилінде түсірілді.   Сіздерді жақсы көремін!» - деп жазған еді Димаш.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
0
13
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel