Выйти
RU

Ақтауда кішкентай қызды көліктен итеріп жіберген азаматтың кім екені анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтауда кішкентай қызды көліктен итеріп жіберген адамның кім екені анықталды. Желіде тарап кеткен видеодағы азамат бүлдіршіннің туысы болып шыққан. Бұл туралы Маңыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды lada.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: lada.kz

Фото: lada.kz

Тәртіп сақшыларының анықтауынша, қыз балаға дөрекілік танытқан ер адам кішкентай қызға туыс ағасы болып келеді.

Полицейлер азаматпен профилактикалық әңгімелесу жүргізді.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда кішкентай қызды көліктен итеріп жіберген азаматтың әрекеті жұртты шошытқан хабарланған еді.

Видеоны куәгер желіге жариялап жіберген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтауда кішкентай қызды көліктен итеріп жіберген азаматтың кім екені анықталды