RU

30 сәуірде Нұр-Сұлтанда бесінші рет BI Group бизнес-серіктестерінің форумы өтпек

30 сәуірде Нұр-Сұлтанда бесінші рет BI Group бизнес-серіктестерінің форумы өтеді. Мыңдаған қазақстандық компанияларды біріктіретін оқиға Холдингтің дәстүрлі іс-шарасына айналды.

BI Group бизнес-серіктестерінің форумы: «Сенімді серіктес – табысты бизнес»

Бұл форум - холдингтің бизнес-серіктестерімен тәжірибе алмасуға, қазіргі нарық жағдайында өзара тиімді бірлескен бизнесті дамытуға бағытталған ашық алаң. Форумда, тұрғын үй және инфрақұрылымдық құрылыстың ең өзекті тақырыптары қозғалады. Ынтымақтастықтың мұндай форматы өте тиімді: қарқынды дамып келе жатқан нарықта осындай өзара тиімді қарым-қатынас өзекті мәселелерді жедел талқылап, ортақ шешімін табуға мүмкіндік береді.

BI Group бизнес-серіктестерінің форумы: «Сенімді серіктес – табысты бизнес»

Кездесуде сондай-ақ BI Group холдингінің ағымдағы және перспективалық жобалары, жалпы құрылыс нарығы және компанияның басты жаңалықтары ұсынылады.

BI Group бизнес-серіктестерінің форумы: «Сенімді серіктес – табысты бизнес»

Форум алғаш рет 2015 жылы өткізілді, онда Холдинг жұмыстардың 70%-ын шағын және орта бизнеске аутсорсингке беру жоспары туралы жариялаған еді. Нәтижесінде мердігерлік ұйымдар арасында ашық түрде өткізілетін тендерлер өткізудің жаңа электрондық әдісі енгізілді.

BI Group бизнес-серіктестерінің форумы: «Сенімді серіктес – табысты бизнес»

Бұл қазақстандық және шетелдік жеткізушілер мен мердігер ұйымдарының ортақ бір базасын қалыптастырды. Жаңа технологияларға, халықаралық стандарттарға және жоғары сапаға негізделген BI Group холдингінің тұрақты даму стратегиясын қабылдаған серіктес компаниялар - жылдан жылға дамып келеді, Холдинг жобаларына белсенді түрде қатысуда.

Форумға қатысу үшін осы сілтеме арқылы тіркелу қажет.

Өтетін күні: 30 сәуір 2019 ж.

Тіркелудің басталуы: 08:30 – 09:00

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел даңғ., В 2.3 ғимараты, «Энергия холы».

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1789822-30-suirde-nr-sltanda-besinsi-ret-bi-group-biznes-seriktesterini-forumy-tpek.html