RU
Нотр-дамдағы алапат өрттің тағы бір себебі аталды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Нотр-дамдағы алапат өрттің тағы бір себебі аталды

Рассказать Вконтакте

Франция полициясы Париждегі Құдай ана ғибадатханасындағы өрттің тағы бір себебін атады. Мамандар өрт шығуына қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін екенін мәлімдеді деп хабарлайды Еadaily.com сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Нотр-дамдағы алапат өрттің тағы бір себебі аталды

Көрнекі сурет:Іndependent.co.uk

"Өрттің шығуына шіркеудегі электр желісінің қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Алайда тергеушілер қауіп жоғары болғандықтан әлі ғибадатханада жұмыс істей алмай жатыр", - деп жазды дереккөз.

Бұдан бұрын өртке мұнара төбесінің астында орналасқан электр құрылғысының жанып кетуі себеп болуы мүмкін екені хабарланған болатын.

Алайда тергеушілер барлық мән-жайды анықтап, нақты себебін анықтауға көп уақыт қажет болатынын алға тартып отыр.

Еске сала кетейік, 15 сәуір күні Париждегі Құдай ана шіркеуінде өрт шыққан болатын.

Франция президенті Эммануэль Макрон Париж Құдай анасы шіркеуі аумағында болған өртке қатысты пікір білдірген еді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel