Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карина Абдуллина жұрттан жасырған сүйіктісін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Көпшілік назарынан жеке өмірін жасырын ұстайтын Карина Абдуллина сүйіктісін көрсетті. Көпшілікке жұбайын таныстырған әншіге желі қолданушылары жарыса тілектестігін білдірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші өзінің Instagram парақшасында белгісіз ер адаммен құшақтасып тұрған суретін жариялады.

Карина Абдуллина ер адамды көпшілікке күйеуі ретінде таныстырған.

Жұбайына жыр жолдарын арнаған әншіге желідегілер бақыт тілеп, ол үшін қуанышты екенін жеткізді.

"Бақытты болыңыздар", "Өте жағымды жаңалық", "Бақытты екеніңіз түріңізден көрініп тұр", "Сіз үшін қуаныштымыз", "Сіз бақытқа лайықтысыз", "Махаббаттарыңыз мәңгі болсын".
"Әйел бақытын тілейміз", "Отбасыңыз толыға берсін", "Егер мына кісі шынымен күйеуіңіз болса, қуаныштымын", "Әр әйел бақытты болуға лайық", "Бағыңыз баянды болсын" деп жазуда әншінің тыңдармандары.

Естеріңізге сала кетейік, Карина Абдуллина өткен жылы өзінен бірнеше жасқа кіші сүйіктісін көрсеткен болатын. Инсайдерлердің айтуынша, ол 20 жаста болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1789844-karina-abdullina-zrttan-zasyrgan-sjiktisin-krsetti-foto/

pixel