RU

Келесі аптада Қазақстанға Оңтүстік Корея президенті ат басын бұрмақ

Ақорда мемлекет басшысының қатысуымен өтетін шаралардың аңдатпасын ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ca-news.org
Фото: ca-news.org: Facebook

Сәуірдің 21-23 күндері Қазақстанға Корея Республикасының президенті Мун Чже Ин алғашқы мемлекеттік сапарымен келеді деп күтілеуде.

Осы орайда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея басшысымен келіссөздер жүргізу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалар бойынша екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ, бірқатар аймақтық және халықаралық өзекті мәселелерді талқыламақ.

Сондай-ақ, сәуір айының 24 күні Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келетін Мажарстанның премьер-министрі Виктор Орбанмен келіссөздер өткізеді.

Екі жақты кездесудің бағдарламасы бойынша қазақ-мажар ынтымақтастығына және аймақтық, халықаралық ахуалға қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланады деп күтілуде. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1789852-kelesi-aptada-kazakstanga-otstik-korea-prezidenti-at-basyn-brmak.html