RU

Өзбекстанда жаңа туған сәбиін 1200 долларға сатып жіберген әйел ұсталды

Өзбекстанның Шахрисабз өңірінде құқық қорғау органдары қызметкерлері жаңа туған сәбиін 1200 долларға сатып жіберген әйелді ұстады. Бұл туралы ca-news.org сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: ca-news.org
Фото: ca-news.org: Twitter

Жас ана 8 сәуірде дүниеге келген нәрестесін 500 мың теңгеге жуық сомаға саудалаған.

"Шахрисабз қалалық бөлімінің қызметкерлері мен Ішкі істер басқармасының облыстық департаменті қызметкерлері бірігіп жүргізген іс-шара нәтижесінде 2019 жылы 8 сәуірде Шахрисабздың "Ипак йули" өңірінде тұратын келіншек туған сәбиін сатқаны үшін басқа азаматшадан 10 млн сомды өз еркімен беру және алу туралы қолхат жазып жатқанда, заттай дәлелдемелермен ұсталды", – делінген ведомство хабарламасында.

Қазір келіншектің үстінен тиісті баптарға сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1789856-zbekstanda-zaa-tugan-sbiin-1200-dollarga-satyp-zibergen-jel-staldy.html