RU
"Иванушки" тобындағы танымал әншінің әйелі жас спортшымен көңіл қосқан (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Иванушки" тобындағы танымал әншінің әйелі жас спортшымен көңіл қосқан (фото)

Рассказать Вконтакте

Әйгілі ресейлік "Иванушки" тобының әншісі Андрей Григорьев-Апполовтың 17 жыл отасқан әйелі өзінен жеті жас кіші жігітпен көңіл қосқан. Ең қызығы, 34 жастағы Марина Банкованың сүйіктісі әнші күйеуімен аттас деп жазады super.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: super.ru

Фото: super.ru

Анықталғандай, ресейлік әнші мен оның жұбайы жарты жыл бұрын айырылысып, содан бері бірге тұрмайды екен.

Андрей Григорьев-Апполоновтан екі баласын туған әйел бүгінде жас спортшымен бақытты өмір кешуде. Маринаның таңдауы "Химки" командасының баскетболшысы Андрей Зубковқа түскен.

Фото: super.ru

Фото: super.ru

Келіншек екі баласымен қоса, 27 жастағы ғашығының үйіне көшіп үлгерген. Сүйіктісінің екі перзентін жылы қабылдаған спортшы демалысын солармен бірге өткізуді әдетке айналдырған.

Фото: super.ru

Фото: super.ru

Айта кетерлігі, Марина Банкова 48 жастағы әнші күйеуімен заңды түрде әлі ажыраспаған. Тіпті, басылымның мәлімдеуінше әзірге асығар да емес.

Ерлі-зайыптылар айырылысып кеткеніне қарамастан, жақсы қарым-қатынас сақтап қала алған.

Фото: super.ru

Фото: super.ru

Фото: super.ru

Фото: super.ru

Сіздің реакцияңыз
4
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel