RU
Норвегияда бортсерік қыздарға адам сенгісіз талаптар қойылды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Норвегияда бортсерік қыздарға адам сенгісіз талаптар қойылды

Рассказать Вконтакте

Норвегияның Norwegian Air әуе компаниясы бортсерік қыздардың сырт келбеттеріне қатысты адам сенгісіз талаптар қойды. Олар ұшақта қызмет көрсететін бойжеткендерге дәрігердің рұқсатынсыз табаны тегіс аяқ киім киюге тыйым салған деп жазады Lenta сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: t3.com

Көрнекі фото: t3.com

22 беттік құжатта бортсеріктердің кем дегенде екі сантиметр өкшесі бар аяқ киім кию қажеттігі айтылған. Егер ол денсаулығына байланысты кие алмаса, дәрігердің рұқсатын көрсетуі қажет.

Одан бөлек, әуе лайнерінде жұмыс істейтін әйелдерге көздерін бояп, опа-далап жағу міндеттелді.

Сонымен қатар, бортсерік қыздарға әр қолына көп дегенде екі ғана жүзік тағу және діни сарындағы әшекейлерді тақпау сынды талаптар қойылды.

Ал норвегиялық әйелдер бұл талаптарға қарсы екендерін айтып отыр. Олар бұл ережелерді өткен ғасырға оралудың белгісі дейді.

Алайда, Norwegian өкілі мұндай талаптардың барлық әуе компанияларда бар екенін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
1
2
2
0
2
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel