RU
Түсіпбаева тағдыр тәлкегіне түскен Жанар Хамитоваға қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Түсіпбаева тағдыр тәлкегіне түскен Жанар Хамитоваға қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Меруерт Түсіпбаева сахнадан алыстап, 11 жыл бойы ел назарынан тасада жүрген Жанар Хамитоваға қатысты пікір білдірді. Шоу-бизнес өкілі "Superstar KZ" байқауында жұлдызы жанған әншінің дүйім жұрт алдында басынан өткен қиын кезеңін айтып беруін ерлікке теңеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Түсіпбаева Instgaram желісінде "Арнау" тобының бұрынғы әншісіне жантебірентерлік жазба арнаған.

Эстрада жұлдызы отандық сахнаға жарқ етіп шығып, артынан хабар-ошарсыз кеткен Жанар Хамитоваға қолдау білдірді.

"Жанар қайда жүр екен деп арасында алаңдайтындардың бірі мен едім..Бақпен тақты салмақ қана көтереді ғой. Ауылдан келген арудың басына танымалдылық топ ете қалғанда,басы айналғаны таңқалдырмайды ,әрине.

Ащы шындықты түгелдей айтпаса да(осындай куйге неге түскені туралы) КТК-ға интервью беруі ерлік.

Маған,біраз уақыт бұрын, экраннан жоғалар алдында бар сырын ақтарып еді. Менің оны жария етуге, әрине, қақым жоқ! Бөтен құпия - менің құпиям емес!

Заман жаман дейміз. Адамдар қатыгез дейміз. Осы заманды жасап-құрастырып отырған өзіміз ғой" , - деп жазан әнші.

Оған қоса, Меруерт тағдыр тәлкегіне түскен Жанарға жұмыс ұсынған Сиви Махмудиге алғысын жеткізді.

"Сивиге түн ішінде xабарласып, раxмет айттым, сүрінгенге сүйеу болғаның үшін, Аллаx берген нәсібеңмен бөлісе білгенің үшін. Сиви, саған Жанардың тағдырына алаңдап отырған қарапайым қазақ xалқының атынан алғыс айтамын.
Стамбулда ресми тіркелген тұрғындар саны 18млн. Ал,бізде ұлт саны осындай-ақ. Тым азбыз, сол үшін ,бір-бірімізді қолдап-қолпаштан,құрметтеп жүрейікші. Жанармен сөйлестім" , - деп қайырды Түсіпбаева.

Естеріңізге сала кетейік, "Арнау" тобында өнер көрсеткен Жанар Хамитова сахнадан кетіп қалған болатын.

Әнші өзінің басынан өткен тағдырын отандық бағдарламада бүге-шүгесіне дейін баяндап беріп, жұртты жылатты. Бағдарламадан соң, қиын жағдайға тап болған әншіні өнердегі әріптесі Сиви Махмуди жұмысқа алған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
2
4
32
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel