Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыздан да артық: Жігіттер неге көліктерін қатты жақсы көреді?

Опубликовано:

Кез келген жігіт өз көлігін қатты жақсы көреді. Тіпті, сүйікті темір тұлпарына жақсы жанармай құю үшін соңғы ақшасын да аямайды. Ендеше, жігіттердің көлікті сүйікті қыздарынан да артық қоюының себебі неде? Бұл сұраққа kaktakto.com сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жауап береді.

Көрнекі фото: lider-press.by
Көрнекі фото: lider-press.by: Facebook

Бостандық

Темір тұлпар жігітке бостандық әсерін сыйлайды. Ол өзін көлік ішінде еркін адам сезінеді.

Билеп-төстеуге құмарлық

Жігіттің кез келген қимылына көнетін көлік оған кез келген жағдайды бақылауда ұстау мен билеп-төстеуді үйретеді.

Мақтаныш

Тарихта ер-азаматтар өз жылқыларымен мақтанса, қазір көліктің сыйымдылығы мен қозғалтқыштың күшімен кеуде көтереді.

Абырой

Ертеректе ақ, жақсы күтім жасалған жылқы адамның әлеуметтік беделін көрсеткен. Дәл сол сияқты қазір де Lexus пен Maybach көліктерін көргенде кім де болса маңызды тұлға екенін байқауға болады.

Қорғаныс

Таң қалмаңыз. Бірақ, кез келген жігітке қорғаныс керек. Ал ол көлікке отырып, төрт дөңгелекті қауіпсіз темірдің ішінде өзін сенімді сезіне алады.

Эмоция

Көлік жүргізу-жеке тәжірибе. Көптеген жігіттерде көлік жүргізу сөзі позитивті эмоция тудырады.

Ыңғайлылық

Жігіттерге қыздарға қарағанда көлікпен қарым-қатынас құру оңай. Себебі, олар темір тұлпарды өз жалғасы ретінде көреді. Мұнда жігіттерге ештеңе дәлелдеудің қажеті жоқ, олар өздерін рөл алдында еркін сезінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1789887-kyzdan-da-artyk-zigitter-nege-klikterin-katty-zaksy-kredi/

pixel