RU
Түркістан облысында қыздарға қорлық көрсеткен өгей шеше үй қамаққа алынды
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысында қыздарға қорлық көрсеткен өгей шеше үй қамаққа алынды

Рассказать Вконтакте

Жетісай ауданында апалы-сіңлі үш қызға қорлық көрсеткен өгей шеше үй қамаққа алынды деп хабарлайды Otyrar.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: vchasnoua.com

Көрнекі фото: vchasnoua.com

Жетісай аудандық сотының тергеу судьясы Мұхтар Жолдасбеков өгей шешеге қатысты үй қамақта 2 ай ұстау бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешім шығарды.

Бұндай үкімді орындаудың бірнеше себептері айтылды.

Судья материалды қарау кезінде өгей шешенің екі жасқа толмаған ұлы барын және жүктілігін ескерген.

Екіншіден, күдіктінің тұратын тұрақты мекен-жайы бар.

Еске сала кетсек, Түркістан облысында өгей ана балаларға зәбір көрсетті деген күдікке ілінген. Артынша оның екінші сәбиіне аяғы ауыр екені белгілі болды. Күдіктелген келіншек, тіпті, қыздарға көрсеткен қорлығын жазу үшін "жазалау" дәптерін арнағаны да хабарланды.

Сонымен қатар, өгей анасынан қорлық көрген қыздарға қатысты сұмдық жайт белгілі болған еді.

Бұған қатысты үнсіз қалмай күдікті әйелдің әкесі де өз шындығын айтқан болатын.

Шулы оқиғаға байланысты қыздардың туған анасы KAZ. NUR.KZ-ке эксклюзивті сұқбат берді.

Жетісайдан Шымкентке апалы-сіңлілерді психиатриялық сараптамаға алып барған жеңгесі де жанайқайын жеткізді.

Ал әкесі балаларды ешкімге бермейтінін білдірді.

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
6
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel