RU
Тоғыз сағат жатқан: Бес жасар бала 30 метрлік құдыққа түсіп кетті
Жаңалықтар Калейдоскоп

Тоғыз сағат жатқан: Бес жасар бала 30 метрлік құдыққа түсіп кетті

Рассказать Вконтакте

Үнді штаты Уттар-Прадеште бес жасар бала тереңдігі 30 метр құдыққа түсіп кетті. Оқиға бала ағаштағы жемістерді үзіп жатқанда болған деп хабарлайды news.day.az сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: news.day.az

Фото: news.day.az

Баланың жолдастары болған оқиға жайлы оның туыстарына айтып берген. Кейіннен олар шұғыл қызметті шақырыпты.

Дәрігерлер 30 метрлік құдыққа оттегі жіберуді қамтамасыз етіп, құтқарушылар жер астына видеокамера жіберген .

Бала құтқарушылардың сөзін тыңдап, нұсқаулықтарын орындапты. Олар құдыққа арқан тастап, оны баланың аяғына байлап, жоғарыға көтерген.

Құтқару операциясы екі сағатты қамтыды.

Бес жасар бала жердің астында тоғыз сағатқа жуық уақыт өткізген. Құдыққа құлаған сәтте дене жарақатын алмаған.

"Баланың жағдайы жақсы. Біз оны күні бойы бақылап, үйіне жібереміз", - деп хабарлады Матхур қаласының бас дәрігері.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel