RU
Ішімдіктен бас тартудың қандай пайдасы бар?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ішімдіктен бас тартудың қандай пайдасы бар?

Рассказать Вконтакте

Ішімдіктен бір айға бас тартқанның өзінде оның денсаулыққа айтарлықтай әсер ететіні анықталды. Бұл шешімнің арқасында қатерлі ісікке шалдығу қаупін азайтып, жүрек денсаулығын арттыруға болады. Оған қоса, артық салмақтан да арылуға әбден мүмкіндік бермек деп жазады yandex.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: arrivalguides.com

Фото: arrivalguides.com

Сыра, шарап және арақтан бас тартудың бірқатар пайдалы тұстары бар. Олардың арасындағы ең маңыздысын оқырман назарына ұсынамыз.

1. Тамақ аз ішетін боласыз

Appetite journal басылымының зерттеуіне сәйкес, бір стақан ішімдік ішкен адамдар, ішуден бас тартқандармен салыстырғанда 11 пайызға көп тамақ жеп қойған. Енді сіз, бір емес бірнеше стақан ішсеңіз, қандай көлемде тамақ жейтініңізді елестетіп көріңіз.

2. Бүйректің зақымдану мен қант диабетінің қаупін анағұрлым азайтып тастайсыз.

2013 жылы New Scientist журналының аптасына 8-64 бөтелке сыра ішетін 13 қызметкері біршама уақытқа ішімдіктен бас тартты.

Лондондық университеттік колледждің дәрігерлері олардың қанын ішімдік қолданып жүргені кезі мен бас тартқан сәтінде тексерген. Анықталғандай, сау күйдегі адамдардың бүйрек майы 15-20 пайызға түсіп кеткен. Қан құрамындағы глюкоза көлемі орта есеппен 16 пайызға төмендеген.

3. Зат алмасу үрдісі көтерілмек.

Ішімдік ішкен кезде сіздің денеңіз қуат көзі ретінде майды емес, этанолды қолданады. Ал одан бас тартқан жағдайда, организм қажетті қуан көзін алып тұрады. Нәтижесінде зат алмасу процесі жақсарады.

4. Бет-әлпет пен тері жағдайы жақсара түспек.

Ішімдік суды сіңіруге көмектесетін гормонның жұмысын бәсеңдетіп тастайды. Бұл үрдістің салдары бірден адамның бетінен байқалады. Сол себепті, арақ-шараптан бас тартқан кезде адам терісі өзгеріп, айтарлықтай жақсаратыны анық.

5. Қатерлі ісікке шалдығу қаупін азайтады

Nature Communications басылымы 2015 жылы жүрген зерттеуі кезінде ішімдікті қолданбау қорғаныс бактериялардың санын көбейте түскенін анықтады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
2
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel