Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да ауыл әкімінің құдасы оның өлімі туралы жалған ақпарат таратып жіберген

Опубликовано:

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базартөбе ауылының әкімі өз өліміне қатысты тараған жалған ақпаратқа пікір білдірді деп хабарлайды "Мой город" сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Әлеуметтік желіден
Фото: Әлеуметтік желіден: Twitter

17 сәуір күні мессенджерлерде тарап кеткен аудиохабарламада Базартөбе ауылының Боранбай Қыдырғожиның көлік ішінде отырған жұбайымен және немересімен бірге суға батып кеткені айтылған.

Жазба авторы өз сөзінің дәлелі ретінде әкімге тиесілі көліктің суға батып бара жатқан суретін де тіркеген екен.

Елді дүрліктірген ақпаратқа қатысты Базартөбе ауылының әкімі жауап берді. Ол өзінің аман-сау екенін айтып, өлімі туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Қыдырғожинның сөзінше, аудиохабарламаны таратқан автор бірден анықталған.

Ол әкімнің Атырау қаласындағы құдасы боып шығыпты. Алайда, жекжатының мұндай әрекетке не себепті барғаны әлі белгісіз.

"Ол уақытта менің жұбайым жұмыста болған. Немерем мүлде жоқ. Мен көлікті паромға қалдырып кеткенмін. Ол шыдамай, өзенге батып кетіпті.
Су айдыны терең емес. Артынша көлікті трактор арқылы шығарып алдық. Қазір майын ауыстырып жатырмыз. Бізде бәрі жақсы", -деді Боранбай Қыдырғожин.

Әкімнің сөзінше, құдасының туыстары мәселені бейбіт жолмен шешуді сұрап отыр екен.

Айта кетейік, осыған дейін әкім көлігі Орал өзеніне батып кеткені туралы ақпарат тараған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1789913-bko-da-auyl-kimini-kdasy-ony-limi-turaly-zalgan-akparat-taratyp-zibergen/

pixel