Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айта берсін": Азамат Сатыбалды өзін Иманбаеваға қосатындарға жауап берді

Опубликовано:

Жұлдызды патилерде әрдайым бірге бой көрсететін Азамат Сатыбалды мен Иманбаеваны желідегілер әлдеқашан жұптастырып үлгерген. Тіпті, Айгүл танымал актерды "отағасы" деп атайтын көрінеді. Қос өнерпаздың қарым-қатынасындағы құпияның сыры белгілі болды деп жазады "НТК" арнасындағы "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Осыдан біраз уақыт бұрын танымал өнер иесінің туған күнінде жұптасып тілек айтқан актер мен актрисаның видеосы желіге тарап кеткен болатын.

Тілек барысында бір-біріне "отағасы, бір-үйден бір адам сөйлесін" деп әзілдескен әртістер алғаш рет қарым-қатынасы жайлы ашып айтты.

"Біз үйреніп қалдық. Оның үстіне ел солай айтады, солай жазады. Айтқысы келгендер айта берсін, жазғысы келгендер жаза берсін. Біз өзімізге бір-бірімізге сенімдіміз ғой.

Айгүл менің досым екенін білемін. Мен оған доспын, ол маған дос. Екеуміз тіпті отбасымызбен араласып кеткен адамдармыз. Сондықтан да онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын.

Мән беретін менің уақытым да жоқ. Егер жан-жағыма қарай беретін болсам, мен жетер жеріме, алға қойған мақсаттарыма жете алмаймын. Сол үшін мен басында болғанмын, солай келе жатырмын", - дейді Азамат Сатыбалды.

Айта кетейік, актер мен актриса студент кезден таныс. Қос өнерпаз бұрыннан шығармашылық байланыста. Олар келешекте театр сахнасында бір спектакльде серіктес болуды жоспарлап жүр.

"Шығармашылығымыз өте тығыз байланыста. Өте жақсы жоба алда жасаймыз", - деді Айгүл Иманбаева.

Айта кетейік, Азамат Сатыбалды мен жұбайы Назгүл Қарабалинаның Сұлтан есімді ұлдары бар.

Ал Айгүл Иманбаеваның қазіргі таңда басы бос. Актрисаның Сәбит Әбдхалықовпен ортақ ұлы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1789922-ajta-bersin-azamat-satybaldy-zin-imanbaevaga-kosatyndarga-zauap-berdi/

pixel