Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құрбым ұнатады": Бір ай сөйлескен жігітін тастап кеткен ару сырын ақтарды

Опубликовано:

Бір ай бойы жарасып, сөйлесіп жүрген жігітін тастап кеткен ару сырымен бөлісті. Ол өзінің сүйіктісін құрбысы да ұнататынын біліп қойған деп жазады "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: mistik-info.ru
Көрнекі фото: mistik-info.ru: Facebook

Бойжеткеннің өзі уақыт өте жігіттің кемшілігін байқағанын айтты.

"Өзін ұстай білетін, ойымдағыдай жігіт еді. Сөйлесе келе, кемшіліктері көп болып шықты. Иә, әр адамның кемшілігі болады ғой, менің де кемшіліктерім жетерлік.

Бірақ, мен оны ұнатамын ба, әлде ұнамай ма, түсінбей қалдым. Осылай екі ойлы болып жүргенімде бір апта бұрын ол маған гүл сыйлап, сөз салды. Әзірге дос болайық дедім.

Кейін оны өзімнің топта бірге оқитын дос қызым қатты ұнататынын білдім. Енді ол қыз да маған қазір бір түрлі қарап жүр.

Ойлана келе, жігітке осы жерден тоқтатайық дедім. Басында келіспеді, кейін қалағаның болсын деді. Енді өкініп отырған сияқтымын, әлде бауыр басып қалдым ба? Уақыт өтсін...",- деп жазған ол.

Екі ойлы болып жүрген ару жұрттан ақыл-кеңес сұрап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1789926-krbym-natady-bir-aj-sjlesken-zigitin-tastap-ketken-aru-syryn-aktardy/

pixel