RU

Ақтөбе облысында бірінші курс студентін тұншықтырып өлтірген

Ақтөбе облысы Жайсан ауылында 12 сәуір күні көпсалалы колледжде бірінші курс оқитын студенттің денесі тұншықтырып өлтіру іздерімен табылды. Бұл туралы Аktobetimes.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақтөбе облысында екінші курс студенті қызды сөмкесінің бауымен тұншықтырып өлтірген
Көрнекі сурет:52.sledcom.ru: Facebook

Бойжеткеннің өліміне 19 жастағы екінші курс студентінің қатысы бар болуы мүмкін.

Облыстың білім беру басқармасының мәдіметінше, күдікті мен марқұм қыз "Ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар" санатына жатады екен.

Полиция "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1789933-aktbe-oblysynda-birinsi-kurs-studentin-tnsyktyryp-ltirgen.html