RU
Нұр-Сұлтанды көктемнің бел ортасында қар басып қалды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Нұр-Сұлтанды көктемнің бел ортасында қар басып қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Ауа райы қазақстандықтарды таңғалдыруын тоқтатар емес. Күні кеше Шығыс Қазақстанда табиғат тосын мінезін көрсетсе, бүгін, 19 сәуірде елорданы қар басып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ. Фото: instagram.com/zhurkevich, Zoye Jie, facebook, © SPUTNIK / АБЗАЛ КАЛИЕВ

Коллаж: NUR.KZ. Фото: instagram.com/zhurkevich, Zoye Jie, facebook, © SPUTNIK / АБЗАЛ КАЛИЕВ

Нұр-Сұлтанға қар таң атпастан жауып, көшелерді ақ кілемге орап тастады. Осылайша, көктемнің бел ортасында ел астанасы ақ түске көмкерілді.

Бүгін жеңіл киініп жүрген нұр-сұлтандықтар бірден қолғаптары мен бас киімдерін киіп шықты.

Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Кенеттен жауған қар дөңгелектерін жазғы рәзіңкеге ауыстырып тастаған жүргізушілерді қатты әуреге салды.

Қазгидромет ақпаратына сәйкес, 19 сәуір күні таңертең және кешке желдің ұйытқуы 15-20 м/ с болмақ. Ал дауыл қаупі 85-90 пайызды құрайды.

Фото: Zoye Jie, facebook

Фото: Zoye Jie, facebook

Елордада суық әрі бұлтты ауа райы бірнеше күннен бері жұртты әбігерге салуда. Синоптиктердің хабарлауынша, ауа температурасы келесі аптада жоғарылайды.

Астаналықтар көктемнің ортасында келген қысты суретке түсіріп, желіге жүктеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel