RU
Алтынбек Қоразбаев әуежайда басы дауға қалған Құсайыновты жақтап шықты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Алтынбек Қоразбаев әуежайда басы дауға қалған Құсайыновты жақтап шықты

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның халық әртісі, композитор Алтынбек Қоразбаев "Дос-Мұқасан" тобының әншісіне қатысты дауға пікір білдірді. Мемлекеттік сыйлықтың иегері Мұрат Құсайыновты қандай жағдайда да қолдайтынын ашып айтты деп хабарлайды мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алтынбек Қоразбаев, Мұрат Құсайынов. Фото

Алтынбек Қоразбаев, Мұрат Құсайынов. Фото: МСМ баспасөз қызметі, коллаж: KAZ.NUR.KZ

"Мен Мұратпен 40 жылдан бері доспын, әріптеспін. Талай аңызға айналған концерттерді бірге жасадық.

"Дос-Мұқасан" - елдегі аңыз топ. Ал Мұрат Құсайынов - аңыз адам. Атырауда осы топқа арнап ескерткіш орнатып құрметтеп жатыр. Қай өңірге бармайын үнемі төріне шығарып сыйлайды.

Осындай құрметті сыйлы адам "біреуді ұрыпты, біреумен келіспей қалыпты" дегенге сенгім келмейді. Қандай жағдай болмасын мен Мұратты қолдаймын.

Себебі қазір кішкене түсініспеушілік туындап қалса болды, өнер адамдарын қаралауға дайын тұрады.

Мұрат замандасым біреуді орынсыз ренжітіп қоятын адамдардың қатарынан емес.

Сондықтан халқымды қандай жағдай болмасын кешіріммен қарауға, ел аса бағалайтын мұндай азаматтарды құрметтеуге шақырамын", - деді композитор Алтынбек Қоразбаев.

Естеріңізге сала кетейік, "Дос-Мұқасан" солисі Мұрат Құсайынов пен әуе компаниясы арасындағы дау желіде қызу талқыға түскен болатын.

Артынша әншінің өзі бұл дауға қатысты пікір білдіріп, өз шындығын айтты.

Сондай-ақ өнер әлемінің майталмандары да Мұрат Құсайыновтың бұл ісіне қатысты өз пікірлерін білдірген болатын.

Айта кетейік, бұл даулы іске мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да пікір білдіріп, жанжалдың екі жағы болатынын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
21
2
0
4
1
11
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel