RU
Ресейлік азамат үйін тазалап жүріп қыруар ақшасын өртеп жіберген
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ресейлік азамат үйін тазалап жүріп қыруар ақшасын өртеп жіберген

Рассказать Вконтакте

Ресейдегі Брянск қаласының тұрғыны абайсызда пәтерге деп жинаған ақшасын жағып жіберді деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ampravda.ru

Фото: ampravda.ru

Оқиғаны баяндап берген Брянск облысының Ресей Банк өкілдерінің сөзінше, ер адам жинаған сомасын металл шәйнектің ішінде сақтапты.

1,5 млн рубль қаражат жиналғанда азаматтың әйелі шәйнекті ескі диванның ішіне тығып қойған.

Үй тазалау кезінде ер адам диваннан құтылу үшін оны жағып жіберді. Ол диванмен бірге ақшасы жанып жатқанын білмеген.

Жоғарғы температурадан шәйнектің ішінде жатқан қағаз ақшалар бір-біріне жабысып қалыпты. Ерлі-зайыптылар қателігін түсінген кезде ақшаның жартысынан көбі бүлініп үлгерген.

55 пайызы ғана аман қалған қағаз ақшалардың орнын толтыру мүмкін болды.

Анықталғандай 1,5 млн рубльдан тек 117 мың 500 рубль ғана қалған.

Сіздің реакцияңыз
1
3
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel