RU
"Көре алмайды": Жұлдыздар Қабатов пен Елеукен дауына қатысты ойларын айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Көре алмайды": Жұлдыздар Қабатов пен Елеукен дауына қатысты ойларын айтты

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын Тұрсынбек Қабатов пен Есен Елеукен отандық бағдарламалардың бірінде сұхбат беріп, араларының жақсы еместігін айтқан болатын. Еліміздегі шоу-бизнес өкілдері "КТА" мен "Жайдарман" тізгінін ұстаған азаматтардың бұл әрекетіне қатысты пікір білдірді деп жазады "Хит-Тв" арнасының "Хедлайнер" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Тәуекел Мүсілім, Тұрсынбек Қабатов, Есен Елеукен, Ерболат Төлеген. Фото:apkpure.com,ernur.kz, sputnik Қазақстан, vkfaces.com. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Тәуекел Мүсілім, Тұрсынбек Қабатов, Есен Елеукен, Ерболат Төлеген. Фото:apkpure.com,ernur.kz, sputnik Қазақстан, vkfaces.com. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Қос лига жетекшілерінің арасындағы дауға қатысты өз ойларын ортаға салғандар қатарында Тәуекел Мүсілім мен Ерболат Төлегенов, Жахан Отарғалиев пен Жанболат Найзабеков бар.

Елімізге танымал актер, сымбатты сері Тәуекел Мүсіліма нақты біреуді кіналай алмайтынын айтты.

"Әркімнің өзінің мақсаты, талабы бар. Көрсеткісі, таныстырғысы келеді. Сол себептен бұл жерде біреудікі дұрыс деп айту дұрыс емес. Жүгенін тоқтатып немесе... Бар ғой ондай нәрсе. Біреулер аяқтан шалады. Біреулер қызғанады, көре алмайды. Сол себептен, ондай адамдар болмай-ақ қойсын. Алла сақтасын", - дейді актер.

Ал Тұрсынбек Қабатовтың жобалары арқылы танылған вайнер Жахан Отарғалиев екі жетекшінің татуласқанын қалайды.

"Бір жұмыс жасап жатыр. Әркімнің ойы, ойлауы әртүрлі. Мен оларға сыртынан сын айтатын жасқа келген жоқпын", - дейді Жахан Отарғалиев.

"Өнер қырандарының" актері Жанболат Найзабеков өнердегі қос азаматты да сыйлайтынын ашып айтты.

"Келіспеушілік па, бірнәрсе болды дейді. Енді кішігірім нәпсіге беріліп кеткендіктен деп ойлаймын. Негізі екеуін де сыйлаймын. Біз өзіміз "Жайдарманнан" шықтық. Есен біздің ағамыз, жақсы көреміз", - деді "Өнер қырандары" әзіл-ысқақ театрының әзілкеші.

Тұрсынбек Қабатовтың қол астында жұмыс істеп, "Шмән апа" атауымен танылған Ерболат Төлегеновтің де өз айтары бар.

"Адам ретінде Есен Елеукен өте тамаша кісі. Менің анаммен амандасып, үйге келеді. Бірақ Тұрсынбек екеуінің арасында мәселе 10-15 жыл бұрынғы іс. Тіпті осы уақытқа дейін Тұрсынбек бізге ол туралы айтпаған. "Есендікіне барма" немесе "Тұрсынбектікіне барма" деген шектеу қойылған жоқ. Өйткені Тұрсынбек Есен Елеукеннің жерлесім екенін біледі", - деді Ерболат Төлегенов.

Естеріңізге сала кетейік, отандық танымал әзілкеш, "КТА" басшысы Тұрсынбек Қабатов "Қазақстан КВН Одағының" президенті Есен Елеукенмен 2005 жылдан бері түсінісе алмай келе жатқанын ашып айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
10
1
0
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel