RU
Қолайсыз ауа райына байланысты Сұлтанов тұрғындарға үндеу жасады
Жаңалықтар Қоғам

Қолайсыз ауа райына байланысты Сұлтанов тұрғындарға үндеу жасады

Рассказать Вконтакте

Қала әкімі Бақыт Сұлтанов үндеу жасап, тұрғындарға ертеңге жоспарланған сенбілік кейінге шегерілетінін Facebook парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Құрметті астаналықтар мен қала қонақтары! Біздің қаламыздағы ауа райын болжау мүмкін еместігін білесіздер. Өкінішке орай ертең де елордамызда күн райы суық болып, жаңбыр мен қар жауады деп күтілуде. Мұндай кезде көшеге шығып, тазалық науқанын, ағаш отырғызу шараларын жүргізу мүлде ыңғайсыз. Ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, мен алғашқы жалпықалалық сенбілікті өткізу күнін ауыстыруды ұсындым", - деп жазды қала басшысы.

Бақыт Сұлтановтың сөзінше, қала тұрғындарының көпшілігі ертеңге жоспарланған тазалық акциясына белсене қатысуға ниет білдірген. Қала әкімі тұрғындарды осы райларынан қайтпауға шақырды.

"Нұр-Сұлтан қаласындағы жылы ауа райы баршамызды жақын арада қайта қуантып, біздің жалпықалалық сенбілікте бірлесіп, өз уақытымызды көңілді әрі пайдалы өткізуімізге сеп болады деп үміттенемін!", - деп жазды Бақыт Сұлтанов.

Әкім жалпықалалық сенбілік өтетін күн алдағы уақытта қосымша xабарланатынын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel