Нұр-Сұлтанда Bentley көлігі автобус аялдамасын қиратып кетті (видео)
Опубликовано:
Нұр-Сұлтанның Қалдаяқов көшесінде Bentley автокөлігі автобус аялдамасын қиратып кетті. Бұл туралы елорда полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Полицейлердің мәліметінше, жолда екі автобус соқтығысып қалған.
"Алдын ала мәліметтер бойынша Toyota Camry маркалы автокөлігі Қалдаяқов көшесінде келе жатқан "Bentley" көлігіне жол бермей, екінші жолдан шығып кеткен",- деді полиция департаментінде.
Жол апаты салдарынан британиялық көлік жүргізушісі автобус аялдамасын қиратып кеткен.
Полиция ақпаратына сәйкес, зардап шеккендер жоқ.
Әлеуметтік желі қолданушылары оқиға кадрларымен бөлісіп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1789967-nr-sltanda-bentley-kligi-avtobus-aaldamasyn-kiratyp-ketti-video/