RU
Тексеріс құрылғысының ішіне кірген жігітке күлген шекарашыны жұрт сынға алды

Тексеріс құрылғысының ішіне кірген жігітке күлген шекарашыны жұрт сынға алды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық желі қолданушыларды шекарадағы рентген-құрылғының ішіне кіріп кеткен жігіттің іс-әрекетін қадағаламаған шекарашылар ашуландырды.Тексеріс құрылғысының ішіне жүгін қоюдың орнына өзі кіріп кеткен жігіттің видеосы ғаламторда тарап кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан үзінді

Фото: видеодан үзінді

Кадрда шекара қызметкерінің жігітті тоқтатуға тырыспай, екінші жақтан шыққанын күтіп, бейжай тұрғаны бейнеленген.

Шекарашы біресе монитордың бетіне, біресе ұялы телефонына қарап, шетте тұрды. Ал кейін жымиды.

Оқиғаның қайда болғаны жазылмапты. Желі қолданушылары бұл Қазақстан-өзбекстандық шекара деп болжам жапсап отыр. Алайда оның нақты қай жағы екені белгісіз.

Дегенмен қазақстандықтарды шекарашылардың іс-әрекеті ашуландырды. Олар жігіт тексеріс құрылғысына білместіктен кіріп кеткенін алға тартып, оған күлудің қажеті жоқ екенін айтты.

Сондай-ақ желі қолданушылары рентген құрылғысынан алған сәуле жігіттің денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін екенін де жазды

"Оны аяп кеттім. Қайсымыздың алыс ауылдардан қаймақ пен қияр салынған осындай тор сөмкені арқалап, Астанаға қонақтап келген туыстарымыз жоқ?
Олардың планшеттері жоқ, ұшақпен ұшпайды. Келгенде ЭКСПО мен Хан-шатырға апаруды сұрамайды. Олар басқа басқаны сұрайды. Дәл осындай типаж. Үнемі осындай жағдайға түсіп, күліп жүреді. Бір жағынан ашуланасың, бір жағынан аяйсың. Ал мына тексеруші ұялы телефонға қарап тұр. Экранға тіпті қарамаған!".

"Мұның бәрі не үшін қажет? Кімге күліп тұрмыз? Бұл жігіт осыған дейін тексеріс құрылғысын көрмегеніне кінәлі ма? Құлдырап барамыз".

"Ол жердегі сәуленің күші мықты, тіпті жанында тұруға болмайды".

"Неге екенін, мүлде күлкім келмейді, керісінше...жап-жас әлі, оның денсаулығына еш әсер етпеді деп үміттенемін.

"Қалалықтар ауылға барып өздерін дәл осылай ұстайды. Себебі адам бұл нәрсемен бұрын соңды кездесіп көрген емес. Айтып жіберсе де болар еді ғой..."

Сіздің реакцияңыз
10
6
0
10
0
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel